2019 жылдың жазында Мәскеу әскери соты жеті тәжік азаматын 15 жылдан 21 жылға соттаған. Тергеу ісі бойынша, олардың бәрі "Ислам мемлекеті" террористік тобының жақтасы болған. Бурхонов оларға қарсы тергеу ісіне көмектесуге келісім беріп, оған қатысты қылмыстық іс бөлек қаралған. Кейін адвокаттарының бірі Бурхонов куәгерліктен бас тартатынын айтып, қысыммен келісім бергенін мәлімдеген.
Сотталған жеті адамның бесеуі өзіне тағылған айыпты мойындаған. Ал сот кезінде Бурхонов арнайы қызмет өкілдері өзін ұстау кезінде әдейі жарылғыш зат тастап жібергенін айтқан.
2017 жылдың 13 шілдесінде Мәскеуден Санкт-Петербургке бағыт алған жүрдек пойызы жол бойында қойылған металл құрылғыны басып өткен. Пойыз құрамы рельстен таймаған, бірақ бес вагонға зақым келген.
Тергеу ісі сотталушылар пойызды жармақ болған дейді.