Душанбенің 35 жастағы тұрғыны Парвиз Саидрахмонов (Абу Довуд) жазда "Ислам мемлекеті" ұйымының Идлиб провинциясындағы соңғы бекінісі - Багуз елді мекенінен қашқан уақытта ұсталған. Саидрахмонов экстремистік ұйымға 2014 жылы қосылған. Ол ұйым идеясын таратушылардың бірі болған.
TRT Haber телеарнасы 23 қарашада Африн қаласындағы түрмеден репортаж таратты. Онда Абу Довудтың сұхбаты берілген. Араб тілінде сөйлеген ол Тәжікстанда туғанын, Сирия билігімен соғысқа келгенін айтқан.
Тәжікстан құқық қорғау органдарындағы дереккөз Парвиз Саидрахмоновтың ұсталғанын Душанбе білетінін хабарлады. Оның әпкесі TRT Haber телеарнасына сұхбат берген адамның бауыры екенін айтқан. Тәжік билігі Абу Довудты елге экстрадициялау үшін арыз дайындап жатыр. Парвиз Саидрахмонов Сирия мен Иракта ИМ жағында соғысқан тәжіктердің көбісін таниды деді дереккөз.
Африн түрмесінде Парвизбен бірге оның әйелі Мадина және үш баласы отыр. Бұл түрмеде 255 адам бар, дені ИМ жағында соғысқан шетел азаматтары делінген TRT Haber телеарнасының репортажында.