Күдікті екі аптадан бері қамауда отыр. Оның туыстары тағылған айыпты жоққа шығарса, зардап шегуші тарап әділ жаза күтеді.
Шағымды қыздың туған әкесінің туыстары түсірген.
Күдікті М.М.-нің анасының айтуынша, ұлы бірінші әйелімен ажырасып, бес жыл бұрын қызы бар әйелге үйленген. Күдіктінің анасы ұлының бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталғанын, рақымшылықпен босап шыққанын жасырмады. Оның айтуынша, сот-медициналық сараптама өгей қыздың денесінен зорлық іздерін таппаған, бірақ "қыз өгей әкесіне қарсы куәлік еткен".
Хатлон облысы прокуратурасындағы дереккөздің хабарлауынша, "дәлелсіз қылмыстық іс қозғалмайды, күдікті тағылған айыпты толық мойындаған".
Ал қыздың анасы болса күйеуінің босап шығуын күтіп отыр. "Ол қызды жақсы көргендіктен, тісін батырып сүйетін. Менің көзімше. Оған жала жапты, сол себепті жауаптан босатылуын қалаймын" деді қыздың анасы.
Тәжікстан бас прокуратурасының мәліметі бойынша, биыл тоғыз айда елде кәмелет жасқа толмаған 189 бала сексуалдық қылмыстың құрбаны болған.