Ссылки доступа

Өзбекстанда мектеп әжетханасында сабақ өткені расталды


Бұхара облысының әкімшілігі Каган қаласындағы № 9 мектепте әжетханада сабақ өткенін растады.

14 желтоқсанда әлеуметтік желілерде Каган ауданындағы орта мектепте әжетхана оқу бөлмесіне айналғаны туралы ақпарат тарады.

Бұхара облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1986 жылы салынған мектеп 1051 оқушыға арналған. Дегенмен қазір білім мекемесінде 1573 бала оқиды. Үш қабатты мектептің әрбір қабатында әжетхана мен жуынатын бөлме бар, бірақ бірінші қабаттағы әжетхана ғана істеп тұр.

Бір ай бұрын әжетханалардың бірі сыныптан тыс сабақ өткізу үшін жөнделген. 13 желтоқсанда бұл бөлмеде өзбек тілінің мұғалімі А.Ф. бақылау жұмысын өткізген. "Әлеуметтік желіде жарияланған сурет сол кезде түсірілген" делінген мәлімдемеде.

Халық білімі басқармасы әжетхананы оқу бөлмесі ретінде пайдалануға тыйым салды.

XS
SM
MD
LG