Ссылки доступа

Тәжікстанда ер адам 19 жастағы қызын зорлады деген күдікке ілінді


Худжандта жергілікті тұрғын туған қызын зорлады деген күдікке ілінді. Тергеу 19 жастағы бойжеткен шағымданғаннан кейін басталған. "Гулрухсор" әйелдер орталығы сот медициналық сараптама зорлау фактісін растады деп хабарлады.

Гулнора (аты-жөні өзгертілді) өзіне қол жұмсамақ болған әрекетінен кейін ауруханаға түскен. 17 қыркүйекте ол Сырдария өзені көпірінен секіріп кеткен. Бірақ өтіп бара жатқан адам оны құтқарып, милиция бөлімшесіне тапсырған. Осыдан кейін сот-медициналық сараптама оның зорланғанын анықтаған.

Күдікті ретінде Гулнораның әкесі ұсталған. Ол қазір тергеу абақтысында жатыр.

Гулнораның сөзінше әкесі оны биыл қыркүйек айында зорлаған. Түнгі 11-лер шамасында өзіне шақырған. Бойжеткеннің айтуынша, әкесі болған жағдайды милицияға айтатын болсаң, өзің түрмеге түсесің деп қорқытқан. "Мен анама, туыстарыма айттым, бірақ олар маған сенбеді. Олар бұл жағдай болса да, әкең түрмеде отырмауы керек деді", - дейді Гулнора.

Гулнора психологтармен сөйлескен кезде, әкесінің алғаш рет 9-сынып оқып жүргенде өзіне тиісе бастағанын айтқан. Осы жағдайдан кейін оның әпкесі де тергеушілерге әкесінен зорланғанын айтып берген екен.

Гулнора кедей отбасында өскен. 9-сыныптан кейін мектепке бармаған. Үй шаруасымен айналысқан. Әкесі мен шешесінің көздері нашар көреді. Оның үстіне анасының құлағы нашар естиді.

Гулнора қазір "Гулрухсор" қыз-келіншектерге көмек көрсету орталығында тұрып жатыр. Онда жұмыс істейтін Сабохат Бободжонова тәжік қоғамы зорланғандарды қорғаудың орнына айыптайды дейді. Биыл түрлі жағдаймен орталыққа 1400 адам көмек сұрап келген. Оның екеуі зорланған.

XS
SM
MD
LG