Өзбекстан ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті оқиға 1 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5:30-да болғанын хабарлады. Газға бір отбасының 16 мүшесі уланған, олардың он бірі бала болған.
Төтенше жағдайдың неден орын алғаны анықталып жатыр.
Өзбекстанда қыста газға уланатындар саны көп. Соңғы айда газдан уланып, 20 адам қаза тапқан.