Нурбаев атап өткендей, сырттан әкелінетін көліктердің 90 проценті 10-15 жыл қолданыста болған.
"Олар ескі экологиялық талаптар бойынша шығарылған. Оның үстіне "Қырғызстанда жеке қолданыстағы көліктерді техникалық тексеруден өткізуді міндеттеу туралы" талап жойылған", - дейді депутат.
Егер ұсынылған заң жобасы қолдау тапса, сырттан әкелінетін және Қырғызстанда өндірілетін электромобилдерге, қуат беруші станцияларға және олардың тетіктеріне салық салуда жеңілдіктер болмақ.
"Бұл кезде азаматтарға электромобил сатып алуға стимул болып, ауа қабатының ластануы азаяр еді", - дейді Нурбаев.
АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігі орнатқан "Airnow" құралының мәліметі бойынша, 16 қарашада Бішкек әлемдегі ауасы ластанған қаланың бірі болған.