Тоқаев Twitter парақшасында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке ескерту жасағанын да хабарлады.
Тоқаев твитінде "Досаев жұмысында жүйелі кемшіліктер жіберген" деп те жазды. Артынша Жамбыл облысының әкімдігі Досаевтың жұмыстан босатылғанын, оның орынбасары Бейсенбек Жанбосынов әкім міндетін уақытша атқаратынын хабарлады.
Qasym-Jomart Toqayev✔@TokayevKZ
Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым.
Қайрат Досаев Тараз қаласының әкімі болып биыл сәуірде тағайындалған.
Қараша айының ортасында Таразда ер адам мектептердің бірінде ауладағы дәретханаға сабақ кезінде сұранып шыққан 7-сынып оқушысын зорлаған. Бұл оқиғадан кейін мектептің бірнеше қызметкері жұмыстан қуылған. Полиция 38 жастағы ер адамның ұсталғанын, оның бұрын сотталғанын хабарлады.