Тәжікстанның әділет министрінің орынбасары Мансурджон Умаровтың сөзінше, камералы типтегі түрме салуға дайындық басталып кеткен.
"Мұндай арнайы түрме бүлік шығаруға мүмкіндік бермейді. Оларды жеке-жеке тәрбиелеу жеңіл, себебі олар экстремистік идеяларды насихаттаушы болып табылады. Бұл әрі өзге де жазасын өтеушілердің қауіпсіздігін қорғауға мүмкіндік береді", - дейді Умаров.
Былтыр қараша айында Худжанд колониясында және биыл мамыр айында Вахдат түрмесінде жазасын өтеушілер бүлік шығарған. Екеуінде де жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" тобы мойнына алған.