Ссылки доступа

Израиль Газаны зымыранмен әлі атқылап жатыр


Момент попадания ракеты в шоссе в Израиле
Момент попадания ракеты в шоссе в Израиле

Екі тәуліктен бері Израиль әуе күштері Газаны зымыранмен атқыласа, Газа секторы Израильге зымырандармен жауап беріп жатыр.

Израильдің Газадағы соққылары салдарынан сәрсенбі күні екі адам опат болды. Палестинаның 12 тұрғыны қаза тапты.

Израильге екі тәулікте шамамен 250 зымыран ұшырылған. Олардың жарымы атып түсірілген. Израильде кісі қазасы туралы мәлімет жоқ, бірақ қырықтан астам адам жеңіл жарақаттанған. Газамен шекаралас елді мекендерде мектептер істемей тұр.

Сейсенбіге қараған түні Изариль "Ислам жиһады" ұйымының жетекшісі Баха Әбу әл-Аттаның көзі жойылғаны хабарланды.

"Палестинаның ислам жиһады" тобы Израильді жоюды көздейді. Израиль, Еуроодақ, АҚШ және басқа да елдер оны террористік ұйым деп таныған. Израиль сыртқы істер министрлігі бұл ұйымды Иран қаржыландырады деп есептейді.

Палестиналық ұйым басшылығы зымыран шабуылын "соғыс жариялау деп атап, кек қайтаруға уәде берді. Одан соң Израильді зымыранмен атқылай бастады.

XS
SM
MD
LG