Ссылки доступа

Самарқанд тұрғыны тоғыз жастағы жиенін екі мәрте зорлаған


Самарқанд қаласында жергілікті тұрғын тоғыз жастағы жиенін екі мәрте зорлаған. Ол қызды пышақпен, балтамен қорқытқан.

Ол бірінші мәрте зорлық әрекетін биыл 1 ақпанда жүзеге асырған. Сол күні жігіт мас болған. Ол оқушы қызды үйіне алдап кіргізген. Үйде тоғыз жастағы қызды қорқытып, зорлаған.

Бір жарым айдан соң жігіт зорлық әрекетін тағы қайталаған. Бұл жолы ол оқушыны балтамен қорқытқан.

Істі Самарқанд облыстық қылмыстық істер жөніндегі соты қарап жатыр. Сот приставтары жігіттің оқушы қызды зорлағанына көз жеткізген. Зорлық көрсеткен тұрғын 16 жыл түрмеде отырады. Бұған қоса ол маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделеді.

XS
SM
MD
LG