Ссылки доступа

Иракта қайта көтерілген наразылық акциясында кемінде 17 адам қаза тапты


Ирактың Кербела қаласында 29 қазанға қараған түні полиция наразылық акцияға шыққандарға қарсы оқ атты. "Reuters" ақпарат агенттігі ауруханадағы дереккөзіне сүйеніп, кем дегенде 14 адам өліп, 865 кісінің жаралағанын хабарлады.

Тағы үш адам Ирактың оңтүстігіндегі Насирия қаласында мерт болған.

Ирактағы наразылық акциялары 1 қазанда басталып, полициямен қақтығыста кемінде 250 адам қаза тауып, төрт мыңға жуығы жараланған.

Ірі мұнай өндіретін ел қатарына кіретін Иракта халықтың 20 пайызға жуығы кедейшілікте өмір сүреді. Жастар арасында жұмыссыздық 25 процентке жеткен.

Соңғы митингтер бір жыл бұрын билікке келген Адил Абдула Махди үшін үлкен проблема болып жатыр.

28 қазанда шииттердің белгілі лидері Муктада әл-Садр мерзімінен бұрын сайлау өткізуге шақырған. Ирак билігі 28 қазанда коменданттық сағат енгізген.

XS
SM
MD
LG