Бас прокуратура мәліметі бойынша, бюджетке қарасты мекемелер ер азаматтар атына жалған құжат туырлап, оларға ақша аударған. Мысалы, Жизақ облысындағы аурухана экономисіне 2,1 млн сум, ал Жизақ қаласындағы орта мектеп күзетшісіне 900 мың сум төленген.
Хабарларға қарағанда, бюджет қаражатын оны жаратуға жауапты тұлғалар талан-таражға салған. Атап айтқанда, Сырдария облысы Қаржы басқармасының бас экономисі О. А. колледждердің бухгалтерлерімен келісіп, жалған құжат толтыру арқылы 358 млн сум жымқырған.
141 адам - әкімшілік, екі адам қылмыстық жазаға тартылды.
1,1 млрд сум бюджетке қайтарылған.