Мақта теру 10 күнге созылады. Қызметкерлер тамағын, жататын жерін өздері қамтамасыз етуі тиіс.
Бірқатар қызметкерлер кадр бөліміне 300 манат (17 доллар) төлеп, мақта теруден бас тартқан. Бұл портта жұмыс істейтіндердің айлығының тең жартысы.
Халықаралық ұйымдардың сынына қарамастан, Түркіменстан мәжбүрлеп мақта теру тәжірибесінен бас тартқан емес. Биыл түркімен билігі 1 миллион 50 мың тонна мақта теруді жоспарлаған.