Ссылки доступа

Уфада тәжік азаматы кәмелет жасқа толмаған өзбек қызын екі жыл бойы зорлап келген


Башқұртстан астанасында кәмелет жасқа толмаған өзбек қызы екі жыл зорлық тұсауынан босай алмаған. Жақында ол бейнеүндеу жариялап, өзін тәжік азаматы зорлап келгенін айтты.

"2017 жылы ол маған арақ беріп, зорлады. Ол кезде мен 12-де, ол - 43 жаста еді. Екі жыл бойы зорлады. Мен ешкімге айта алмадым, ол мені қорқытты, Анамның құжаттары дұрыс болмады. Ол анамды депортациялап жіберем деп қорқытты. Мен жас едім, қорықтым. Отбасым үшін зорлыққа төзуге тура келді" деп мәлімдеді оқушы қыз.

Қыздың зорланғанын оның әпкесі біліп қойып, барлығын анасына айтқан. Ол полицияға арызданған. Содан кейін жәбірленуші мен оның әпкесін әлеуметтік үйге жіберіп, анасын шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығына отырғызған.

"Мен анаммен бірге болғым келді. Бірақ олар бұның бәрі уақытша деп алдады. Жиырма күн өтті, анамды көре алмай жүрмін. Іс жылжымай жатыр" деді 14 жастағы қыз.

Ол зорлық жасаған тәжік азаматы қазір басқа бір кәмелет жасқа толмаған қызды зорлап жүр деді. Ол 12 жаста.

Башқұртстан полициясының мәліметі бойынша, кәмелет жасқа толмаған азаматты зорлау қылмысы бойынша іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынуы мүмкін.

Дегенмен жәбірленуші қыздың анасы Ресейдің көші-қон заңдарын бұзғаны үшін елден депортациялауны керек. Сот шешімі шығып қойған.

XS
SM
MD
LG