Ссылки доступа

Өзбекстанда мақта теру кезінде екі сарбазды трактор басып кетті


Өзбекстанның Сырдария облысындаға алқапқа мақта теруге жіберілген екі сарбазды 13 қазанда трактор басып кетті. Әскери қызметке Ферғана облысынан алынған екі жігіт сол жерде қаза тапты.

"Екі сарбаз мақта алқабында, арықта ұйықтап жатқан. Оларды мақта тиелген трактор басып кеткен. Қайғылы оқиға", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бір қызметкері.

Марқұмдардың мүрделерін Ферғана облысына алып кеткен. Басқарма сарбаздар туралы мәлімет беруден бас тартты.

Өзбекстанның көптеген аймаөтарында мақта теру науқаны қыркүйек айында басталды. Өзбек билігі мәжбүрлі еңбекке жол жоқ деп уәде еткеніне қарамастан, мемлекеттік ұйымдар мен мекеме қызметкерлеріне мақта тергізіп жатқаны туралы мәліметтер көптеп түсіп жатыр.

Науқан қарсаңында Ұлттық ұлан, ІІМ және кеден курсанттары әскери дайындықтан өтудің орнына, мақта теруге мәжбүр екенін мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG