Алиевтің туыстары бұл айып негізсіз екенін, ол шахмат бойынша жарыстан жеңген оқушысына қуанып, шын пейілімен бетінен сүйгені үшін жазаға тартылып жатқанын айтады.
14 қазанда өткен сотта бұл істе жәбірленуші қатарында жасы кәмелетке толмаған қыз болғандықтан, сот материалдары жарияланбайтыны айтылды.
Сотталған мұғалімнің балаларының айтуынша, әкесі тергеу кезінде азапталып, өзіне таққан айыпты мойындауға мәжбүр болған.