Ссылки доступа

Өзбек атлеті Бекзод Нұрматов Грозныйдағы жекпе-жекте қаза тапты (видео)


Аралас жекпе-жек (ММА) шебері Бекзод Нұрматов Грозныйда өткен турнирде ресейлік Беслан Исаевпен кездесу кезінде қаза тапты.

Бекзодтың денесін Өзбекстанға 8 қазанда жеткізеді.

Absolute Championship Akhmat 100 турнирінде Бекзод қарсыласынан ұпайдан жеңілген.

Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, Бекзод Нұрматов жекпе-жек соңында соққы алып, содан оның қабағы жарылған. Жекпе-жектен соң ол инсульт алған. Комаға түскен атлет үш күннен соң ауруханада көз жұмды.

Нұрматов 27 жаста еді. Ол 13 жекпе-жек өткізіп, 11 мәрте жеңіске жеткен.

Қорғаныс министрлігі Бекзод Нұрматовты Өзбекстан әскерінің мақтанышы деп атаған.

XS
SM
MD
LG