Куәгерлердің айтуынша, ойын-сауық бағында құрылысшы болып істеген Эля Холикова 30 қыркүйекте "Spin block" аттракционын орнату кезінде мерт болған.
Бас прокуратура бұны "қайғылы оқиға" деп сипаттап, оған қыздың өзі кінәлі екенін хабарлаған.
"Ол сынақ кезінде әткеншектердің біріне рұқсатсыз отырған" деді бақ қызметкерінің бірі.
"Афсоналар водийси" ойын-сауық орталығы Наманганда биыл жазда ашылған.