Ссылки доступа

Тәжікстан мен Қырғызстан жастары шекарадағы жанжалды бейбіт жолмен шешуді қалайды


Қыркүйек айының соңында "Журналистика және Демократия" қоғамдық ұйымы қазан айының ортасына дейін Тәжікстан мен Қырғызстанда Бейбітшілік және шыдамдылық күндерін жариялады.

Жалал абад, Худжанд, Бішкек, Пенджикент, Ош, Канибадам, Баткен, Исфар, Лейлек және өзге де қалалар мен аудандарда жастар бейбітшілікке шақыратын көше акцияларын ұйымдастырды. Онда түрлі спорт жарыстары, бейбітшілік жайында пікір-таластар, көшені қоқыстан тазалайтын акциялар өтті. Қырғыз және тәжік жастары бірігіп ағаш отырғызды.

Бұл акциялар БҰҰ аясында әлем бойынша атап өтілетін Бейбітшілік және Шыдамдылық күні қарасаңында болып жатыр. Жобаға Global Partnership for the Prevention of Armed Conflict/ GPPAC қоғамдық ұйымы қолдау көрсетті.

XS
SM
MD
LG