Ссылки доступа

Түркияда депутаттың үйінде қаза тапқан өзбек қызының өлімінің себебін талап еткен кампания басталды


Түркияда әйелдердің құқығын қорғайтын белсенділер "Надираға не болды?" деген ұранмен кампания бастады. Анкара қаласы прокуратурасы 23 жастағы Надира Кадырова жезөкшелікпен айналысқан деген күдікте.

Өзбекстанның сыртқы істер министрі ресми сайтында бұл істі қадағалауына алғанын хабарлады.

Түркия полициясы болса тергеу ісі басталып кеткенін, марқұмның телефоны мен смс хаттары, электронды пошталары тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Анкара қаласы прокуратурасы сот-медициналық сараптама қорытындысын күтіп жатқанын айтады.

Түркияда тұратын өзбекстандық әлеуметтанушы Бахадыр Файзи бұл елде әйелдер өліміне байланысты қылмыстардың көбейіп бара жатқанын айтып, дабыл қағады.

"Түрік қоғамы бұл жағдайға бейжай қарап отырған жоқ. Мыңдаған түрік белсендісі әлеуметтік желі арқылы ауқымды акция бастады. Олар Надираның өлімінің себебін анықтауды талап етіп жатыр", - дейді әлеуметтанушы.

23 жастағы өзбек қызы Надира Кадырова төрт жыл бұрын Түркияға жұмыс іздеп барған. Соңғы жылдары ол депутат Ширин Уналдың үйінде қарт анасының күтушісі болған. 24 қыркүйекте депуаттың үйінде Надира жаралы күйінде табылған. Жүрек тұсына оқ тиген. Бірақ ауруханада қаза тапқан.

Түрік басылымдарының жазуынша, қайғылы оқиға болардан бір күн бұрын Кадырова құрбысы Ләйла Ниязоваға SMS-хат жіберген. "Жан түршігерлік оқиғалар болып жатыр. Ағамның көзіне қалай қараймын. Өлгім келеді" деп жазған құрбысына. FOX телеканалы марқұмның ағасының сөздеріне сілтеме жасап, Надира Кадырова жұмыс беруші тарабынан зорланғанын хабарлайды.

XS
SM
MD
LG