Оқиға 30 қыркүйекте түс кезінде болған. 75 оқушы мен 7 мұғалім тамақтан уланған. Сол күні кешке жақын зардап шеккендердің бәрін ауруханаға жеткізген.
Қазір оқушылар мен мұғалімдердің бәрі дәрігердің қарауында, денсаулықтары бірқалыпты.
Соңғы он күнде Өзбекстанда жаппай уланған бірнеше оқиға тіркелген.
27 қыркүйекте Бекабад қаласындағы балабақшаның бірінде 19 бала тамақтан уланып қалған.
22 қыркүйекте Наманған облысында тойға барған 50 қонақ тамақтан уланды деген диагнозбен ауруханаға жатқызылған.