Ссылки доступа

Өзбекстанда науқас балаларды емдеуге жиналған қаражатты ұрлаған адам ұсталды


Науқас балаларды емдеу үшін қайырымдылық ретінде берілген ақшаны ұрлаған жас жігіт ұсталды деп хабарлайды Ташкент ішкі істер бас басқармасы.

Биыл тамыз айында науқас баланың әкесі ұлына ота жасату үшін, әлеуметтік желі арқылы халықтан көмек сұраған. Қымбат тұратын отаға 2 мың 600 доллар көлемінде ақша жиналған. Күдікті баланың әкесіне телефон соғып, ақша аударғысы келгенін айтып, карта кодын айтуын сұраған.

Баланың әкесі сеніп, картаның қауіпсіздік кодын айтқан. Алаяқтар осыны пайдаланып, картаға жиналған ақшаны өздеріне аударып алған.

Құқық қорғау органдары өкілдері бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, кінәлілер ұсталғанын мәлімдеді. Бұл іс бойынша бұрын алаяқтықпен сотталған 17 жастағы ер азамат ұсталған. Ол шілде айында да дәл осындай алаяқтық әрекеттер жасап, 2 мың доллар көлемінде ақша ұрлаған екен.

XS
SM
MD
LG