11 тамызда Көктөбе баурайы өртенген. Құтқарушылар айтуынша, мың шаршы метр аумақты өрт шарпыған. Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров өртті сөндіру кезінде бір адамның денесі табылғанын хабарлаған.
Департамент хабарлауынша, Алматы полицейлері азаматтың кім екенін, оның қалай мерт болғанын анықтап жатыр. "Өлім себебін анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалған" дейді баспасөз қызметі.