Шекара қызметі өкілінің хабарлауынша, шекарадан тыс аймақта қалыптасқан төтенше жағдайдан бөлек, шекара бекеттерінде техникалық қозғалыстың көбеюіне байланысты қызмет күшейтілген.
7 тамызда түнде Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевтың Шу облысындағы Кой-Таш ауылында орналасқан үйіне шабуылдады. Бірнеше сағатқа созылған операция барысында Атамбаев жақтастары мен арнайы жасақ қақтығысып қалды.
8 тамызда қайта жалғасқан арнайы операция кезінде Атамбаев ұсталып, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне жеткізілді.