Uztime арнасының YouTube платформасына жүктеген видео Карши ауданының "Агора" базары маңындағы автотұрақта түсірілген.
“Дарё” сайтының хабарлауынша, Оңтүстік-Шығыс арнайы әскери округының офицерлеріміз деп таныстырғандар ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне "қысым жасаған".
Видеода әскерилер милиция қызметкеріне "арнайы формада қалада жүруге болмайды" деп ескерткен.
Милиция қызметкері оған: "Менің өз бастығым бар. Соларға жаз. Мен заң бұзсам, қызметтік тексеру болады. Тексеруді сендер жүргізбейсіңдер".
Әзірге Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі де бұл видеоға қатысты мәлімдеме жасамады.