Ссылки доступа

Самарқанда 82 жастағы ата тоғыз жастағы қызды зорлаған деген күдікке ілінді


Самарқанд облысы Кушрабад аудындағы қышлақтардың бірінің 82 жастағы тұрғыны екінші сынып оқушысын зорлаған деген күдікке қалды.

Самарқанд облыстық құқық қорғау органы қызметкерінің айтуынша, тоғыз жастағы қыз 25 шілдеде күндік таулы қышлақтың бірінде зорланған.

"82 жастағы Р.О. 25 шілдеде тауда орналасқан ауылдағы үйіне бақша суғаруға барған. Ол көршінің үйіне кірген. Бұл уақытта онда тоғыз жастағы М.Б. ғана болған. Қарт кісі үйде қыздың жалғыз екенін көріп, оны зорлаған. Қыз есінен танып қалған соң, Р.О. қылмыс орнынан қашып кеткен", - деді ішкі істер бөлімінің бір қызметкері.

Қызға медициналық көмек көрсетілді. Күдікті ұсталды, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG