Дембаевтың сөзінше, "әлеуметтік желілерде 6 шілдеде рұқсат етілмеген митингілерді ұйымдастыруға және қатысуға шақырған арандату жазбалар тарап жатыр".
Ол "бұл үгіт-насхиатты жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға әрі елдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті" деді. Дембаевтың сөзінше, 6 шілдеде полиция қандай да бір заңсыз іс-әрекет болса, жолын кеседі.
Бұл үндеу "экстремистік" деп танылып, Қазақстанда қызметіне тыйым салынған ҚДТ (Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы - ред.) ұйымының жетекшісі, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовтың әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды 6 шілде Астана күні (мереке Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді) митингіге шақырып жатқан сәтте жарияланды. Бұған дейін де Әблязов бірнеше рет халықты митингіне шақырған және сол кезде де бас прокуратура осындай мәлімдеме таратқан.
Нұрсұлтан Назарбаев биыл 79 жасқа толады.