Ссылки доступа

Өзбекстанда дәрігерге шабуыл жасалды


Uzbekistan: knife
Uzbekistan: knife

Өзбекстанның Жызақ қаласындағы балалар ауруханасында қайтыс болған 14 жастағы баланың үлкен ағасы дәрігерге пышақ салмақ болған. 26 жастағы жігіт хирургты інісін өлтірді деп айыптайды.

Оқиға 29 маусымда Жызақ қаласындағы балалар ауруханасында болған. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен дәрігер ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған.

26 жастағы жігіт күдікті ретінде ұсталған. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Оқиға болардан бір күн бұрын сол ауруханада күдіктінің інісі операция үстінде көз жұмған.

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2017-2018 жылдары 300 дәрігерге науқастың туыстары тарапынан шабуыл жасалған.

XS
SM
MD
LG