Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 23 бала, бір тәрбиеші және бір медбике ішуге жарамсыз судан уланған.
Дәрігерлер бұны растады. 17 маусымда мекемеге таза су жеткізілмеген, балалар қайнатылмаған су ішіп, бақша ауласындағы өрікті жумай жеген. Қазір балабақшада тексеру жүріп жатыр.
Науқастардың жағдайы бірқалыпты, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Жағдайды республиканың денсаулық сақтау министрлігі бақылауға алғаны хабарланды.