Ссылки доступа

Тәжікстанда бойжеткен пәктігіне қатысты тағы бір дау шықты


19 жастағы Идимо Шерованың неке түні өміріндегі ең ауыр сәтке айналды. Сол түні оның күйеуі Фирузи Мухаммадраджаб қалыңдығы пәк еместігін білген.

Идимо Шерова басқа амалы қалмағанын мәлімдеді: "Неке түні күйеуім мені аяусыз қинады. Ол маған пәк еместігімді мойындатқысы келді. Мен қатты қорықтым, соның айтқанын істедім. Ол мені дарға асады деп қорқытты. Содан кейін менің оның айтқандарын қайталадым. Сегіз жасымда көршінің баласымен пәктігімнен айрылдым деп айттым", - деді Дангар ауданының тұрғыны Идимо Шерова.

Неке түні түсірілген видео көп уақыт өтпей аймаққа тарап кеткен. Видео жергілікті мектеп оқушыларының мобильді телефондарында да жүрді.

Идимо Шерова Дангар аудандық сотына арызданып, бұрынғы күйеуінен 50 мың сомони (шамамен 5 мың доллар) талап еткен. Дегенмен сот оның ар-ожданын ешкім таптамады деп шешкен.

Идимоның айтуынша, үйлену тойына дейін және кейін төрт мәрте медициналық тексеруден өткенін айтты. Дангар, Бохтар және Душанбедегі дәрігерлер қыздың пәктігі аман екенін растаған.

"Адамдар менің сыртымнан күлетін сияқты болып тұрады. Адамдар мені жазықсыз масқаралағанын білсе екен деймін", - деді Идимо Шерова.

Дәстүрлі тәжік отбасында жаңа түскен қалыңдықтың пәк болғанын қалайды, ал пәктігі жоқ қызды масқарамен үйден қуып шығуы мүмкін.

Душанбедегі сот-медициналық сараптама орталығына өткен жылы жас қыздардың пәктігін анықтау туралы 570 өтініш түскен.

XS
SM
MD
LG