Ссылки доступа

Мәскеуде 11 жастағы қыз өзбек мигрантынан жүкті болды


Мәскеуде төртінші сынып оқушысы Өзбекстанның 47 жастағы мигрантынан жүкті болып қалған.

"Комсомольская правда" газетінің хабарлауынша, мигрант қызбен бірнеше мәрте жыныстық қатынас жасаған.

11 жастағы қыздың аяғы ауырлағанына 23 апта болды. Бұл оқиға Лыткарино елді мекенінде тіркелді. Оқушы қыздың анассы полицияға арызданды.

7 маусымда сот Өзбекстанның 47 жастағы азаматы Кахрамон Насердиновты тұтқындау туралы арызды қарады. Айыпталушы кінәсін мойындаған. Ол 15 жылға сотталуы мүмкін.

Оқушы қыздың жүкті екені 6 маусымда ғана белгілі болған. Қыз ақыл-есі кемтар болып туған. Ол арнайы мектепте оқиды. Күдікті көрші үйде тұрған. Жәбірленуші мигранттың қызымен дос болған.

XS
SM
MD
LG