Ссылки доступа

Қырғызстанда журналисті балағаттаған шенеунікті қызметтен алуды талап етті (видео)


Қырғыз үкіметінің Шу облысындағы уәкілетті өкілі Туйгунаалы Абдраимов журналистермен кездесіп, жанжалдың неден шыққанын түсіндірді. Бұның алдында ол журналист қыздың түрі ұнамайды деп, оған сұхбат беруден бас тартқан.

"Мен "Ала-Тоо 24" телеарнасына сұхбат беріп тұрғанда ол қыз маған дөрекі дауыспен сұрақ қойды. Оған мені тергейтін прокурор емесін ескерттім. Ия, оның түрі ұнамайды деп айтқаным рас. Бұл - өмір", - деп мәлімдеді шенеунік. Абдраимов өзін "сымбатты жігіт" деп есептемейтінін айтты.

Шу облысының басшысы тағы бірнеше журналисті әдейі арандатушылық жасайды деп балағаттаған.

Абдраимов журналистен кешірім сұрамай, залдан асығыс шығып кетті.

Әлеуметтік желі қолданушылары үкіметтің Шу облысындағы уәкілетті өкілі Туйгунаалы Абдраимовтан журналистен кешірім сұрап, қызметтен кетуін талап етті.

Аймақтағы Орок ауылында 5 маусымда жергілікті тұрғындардың жаппай төбелесінен соң журналистерге сұхбат берген Абдраимов тілші қызға: "Маған сіздің түріңіз ұнамайды. Түріңіз сұсты", - деп жауап берген.

XS
SM
MD
LG