Аурулардың халықаралық классификациясына клиникалық зерттеуге алынатын індеттер кіреді. Ондай ауруға шалдыққан адамдар емделуге мүмкіндік алады.
Аурулардың жаңа классификациясы 2022 жылы күшіне енеді. Компьютерлік ойындарға тәуелділік жеке, отбасылық, әлеуметтік, білім алу және кәсіби қызметіндегі қарым-қатынастың бұзылуына әкеледі.
ДДҰ мамандарының пікірінше, бұл індетке шалдыққандар компьютерлік ойындарды басқа қызығушылықтан жоғары қояды.