«Ашғабадтың барлық мектептерінде оқушы қыздарға жасыл түсті маталар таратылды. Матаның ұзындығы - 2 метр. Одан оқушы қыздар өздеріне мектеп формасын тігуі керек. Оқу формасын оқушылар қыркүйекте жаңа оқу жылында киіп баратын болады»,- дейді Азаттықтың Ашғабадтағы тілшісі.
Матаның бағасы 75 манат тұрады екен. Бірақ базарлардан тауарды 50 манатқа сатып алса болады. Түркіменстанда ресми валюта бағамы 1 доллар - 3,5 манат. Оқушылар формасын тігуге кемінде 30 манат кетеді.
Түркіменстанның орта мектептерінде қыздар жасыл көйлек, ақ фартук және тақия киеді.