Құжат авторларының бірі депутат Абдывахап Нұрбаевтың Азаттык радиосына хабарлауынша, сайлаушылар тізімін дайындау құқығын Орталық сайлау комиссиясына беру ұсынылады. Бұл заң қабылданған жағдайда, депутаттардың жоғары білімі бар болуы талап етіледі.
"Мектеп директорлары мен аурухана бас дәрігерлеріне жергілікті кенеш сайлауларына қатысуға рұқсат етіледі. Бұған қоса дін қызметкерлеріне үгіт-насихат жұмыстарына қатысуға тыйым салынады", - деді Нұрбаев.
Депутаттардың тағы бір тобы сайлау заңнамаларына өзгеріс енгізу туралы бастама көтеріп жатқаны белгілі болды.
2017 жылы парламент депутаттарын сайлау кезінде дін қызметкерлері жекелеген партиялар үшін үгіт-насихат жүргізгені анықталды. Парламент депутаттарын сайлау 2020 жылы өтеді.