"Жұма намаздан кейін имам президентті мақтай бастады. Ол біздің жетістігіміздің бәрі мемлекет басшысының саясатының арқасында болып жатқанын айтты. Одан соң президентті пайғамбар сияқты сүюге шақырды", - дейді тілші.
Уағызда президенттің дұшпандарына қарғыс айтылған.
Тілшінің хабарлауынша, жұма намазға жиналғандардың дені уағызды мемлекеттік идеологияның құралы ретінде пайдаланып жатқанына наразы болған. Көбі бір-біріне сыбырлап, "тағы бастады" деген.