Мангал соңғы уақытта Ауғанстан парламенті төменгі палатасының мәдени кеңесшісі қызметін атқарып жүрген. Ariana News ақпарат агенттігі жариялаған суретте етпетінен жығылған Мангалдың денесі қанға бөгіп жатыр.
Мангал он жылдан астам уақыт жекеменшік Ariana TV, пушту тілінде хабар тарататын TOLO Lamar және Shamshad TV телеарналарында жүргізуші болып қызмет істеген.
2017 жылы Мангал күшпен ұзатылғаны туралы ашық жазып, биылғы мамыр айында сот арқылы ажырасқаны расталған. Бұрынғы тележурналист жуырда әлеуметтік желі парақшаларында өзіне әлдекімдерден қастандық жасау туралы қоқан-лоқы хаттары түсіп жатқанын жариялаған.
Тергеу ісі оның өліміне бұрынғы күйеуінің қатысы болуы мүмкін деген болжам айтады.