Азаттыктың аймақтағы тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, өрттен кем дегенде екі адам зардап шекті. Созақ ауданының 1995 жылғы тұрғынының денесінің 50 пайызын күйік шалған. Оны жансақтау бөліміне жатқызды. Екінші зардап шегуші - өрт сөндіруші, оның беті күйіп қалған.
Төтенше жағдай қаланың Көк-Арт ықшам ауданындағы мұнай базасында тіркелді. Тұрғын үйлер оған жақын орналасқан. Қаланың бұл бөлігінде сегіз мұнай базасы орналасқан.