Ссылки доступа

Ливиядағы жанжалда жүзден астам адам мерт болды


Ливияның Триполи қаласындағы қарулы қақтығыстан 121 адам өліп, 561-і жарақат алған. Бұл жөнінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.

Аталған ұйым Триполиге қосымша қызметкерлері мен дәрі-дәрмек жіберіп жатқанын мәлімдеді. 4 сәуірде “Ливия ұлттық армиясы" жетекшісі Халиф Хафтар мен оның жақтастары шабуыл жасап, Ливия астанасын қоршап алған.

2011 жылы азаматтық соғыс басталып, ел басшысы Муаммар Каддафи өлтірілгеннен кейін, бірнеше топ елге бақылау жасау үшін күресіп келеді. Ірі күштер ұлттық келісім үкіметі жанына топтасқан. Бұл ұйым БҰҰ қолдауымен құрылған, Ливияның батыс бөлігін бақылайды. Ал Тобруктегі үкімет Хафтарға бағынады.

XS
SM
MD
LG