Өзбекстан бас прокуратурасы жарылыс 8 сәуірде 11:30-лер шамасында үйдің жертөлесінде орын алғанын мәлімдеді. Ол жерді Fasad Diyor жеке компаниясы қойма ретінде пайдаланған екен.
Қоймада пенопласттан жасалған бұйымдар, әжетхана қағаздары және басқа тауарлар сақталған. Тергеу мәліметі бойынша, қойма иесінің атасы мен тағы бір кісі жертөлеге кіріп, электр жарығын жаққан кезде, топталған газ жарылуға себеп болған.
Тергеу ісі жалғасып жатыр. Жарылыстан кейін Карши қаласының сапёрлары келген.