Ссылки доступа

Тәжікстанда базарда болған атыста милиция офицері жараланды


"Ходжи Шариф" является самым крупным рынком на юге Таджикистана
"Ходжи Шариф" является самым крупным рынком на юге Таджикистана

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Бохтар қаласындағы "Ходжи Шариф" базарындағы атыста үш адам, соның ішінде милицияның бір офицері жараланды. Базардағы атыс жексенбі күні болған, қылмыстық іс қозғалған, тергеу басталды деп хабарлады қала прокуроры Иброхим Нусратуллозода.

17 наурызда кешке Хатлон облыстық ауруханасына милиция майоры Довар Солехов, оның бауыры Масрур Солехзода және жергілікті тұрғын Бахтовар Саъдуллоев жеткізілді. Олардың барлығына оқ тиген.

"Майор Солехов басынан жараланған. Жарасы жеңіл, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қалған екеуіне Макаров тапаншасынан атылған оқтан жеңіл жараланған. Оқтың бірі Бахтовар Саъдуллоевтың ішіне тиген, оқ оның қабырғасын тесіп өткен", - деп хабарлады облыстық аурухана қызметкері.

Бохтар қаласы прокурорының айтуынша, милиция офицері қызмет міндеттерін орындау кезінде жараланған. "Қылмыстық іс қозғалды, тергеу басталды", - қала прокуроры Иброхим Нусратуллозода.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі базарда болған атысқа қатысты әзірге пікір білдірмеді. Бірақ құқықорғау органдарындағы дереккөздің хабарлауынша, атыс қарызды қайтаруға қатысты даудан шыққан.

"Ходжи Шариф" базары 2011 жылы ашылды, 14 мың кәсіпкерге арналған. Базар Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға жақындығы бар Сохибовта отбасына тиесілі деген мәлімет бар.

XS
SM
MD
LG