Өзбекстан мемлекеттік кеден комитетінің мәлімдеуінше, жүк көліктерінің ел аумағына кіруге ешқандай кедергі жоқ. Қазақ тарапы жүк көліктерінің көптеп тұрып қалуына техникалық мәселелер себеп болды деп хабарлаған.
11 наурызда өзбек-қазақ шекарасындағы "Қазығұрт" бақылау-өткізу бекетінде шамамен 300 жүк көлігі Өзбекстанға кіре алмай тұрды.
"Мен шекараға 5 наурызда келдім, бірақ менің алдымдағылардың кезегі әлі келген жоқ. Алты тәулік бойы мәшинеде тамақ жасап, осында түнеп жүрміз. Мұнда жалғыз әжетхана бар, оны да ақылы жасап қойды", - деді өзбекстандық көлік жүргізушілерінің бірі.
Ресми мәлімет бойынша, өзбек-қазақ шекарасында алты кеден бекеті бар, солардың бесеуінен жеңіл және жүк көліктері ешқандай кедергісіз өтіп жатыр.