Ссылки доступа

Депутат Қырғызстанның әр облысын дамыған елдердің басқаруына беруді ұсынды (видео)


Жогорку Кенеш депутаты Ақылбек Жапаров Қырғызстанды дамыған мемлекеттерге басқару үшін, бөліп беруді ұсынды.

Оның сөзінше, республика үнемі дамыған елдер мен халықаралық ұйымдардан көмек сұрап жүреді.

«Біз одан қайта бір облысты, мысалы Баткен немесе Нарынды Жапонияға берейік. Олар бір облыстың жолын, денсаулық сақтау мәселесін, білім беру жүйесін дамытсын. Осы облысты дәл Жапония секілді етсін. Америкаға бір облысты берейік. Алты облысты Ресейді қосқанда алты ірі мемлекетке берейік», - деді қырғыз депутаты.

Ол қырғыз аумағын ұсақ әкімшілік бірлікке бөлуге болатынын айтады. Оның сөзінше, Қырғызстанда 40 елдің елшілігі жұмыс істейді, оларға 40 ауданды беруге болады.

«Қырғызстандықтарға тар болудың қажеті жоқ. Ол жерлерге Жапония, Германия немесе Ресейдің туларын іліп қоюға болады. осы жобаны үкіметке ұсынғым келеді. Егер олар келіспесе, заң жобасын әзірлеймін», - деді Ақылбек Жапаров.

Қырғызстанда 7 облыс және 2 республикалық деңгейдегі қала бар.

XS
SM
MD
LG