Ссылки доступа

Тәжік әйелі баласына он ине тыққан деген айыппен сегіз жылға сотталды


Мухайё Якубова со своим сыном
Мухайё Якубова со своим сыном

Рудаки аудандық соты сейсенбі, 26 ақпанда денесінен он ине табылған баланың анасына үкім шығарды. 27 жастағы Мухайё Якубова "кісі денсаулығына қасақана зиян келтірді" деп танылып, сегіз жылға сотталды.

Үкім күшіне енген уақытқа дейін сотталушы бостандықта болады.

Дегенмен баланың анасы өзіне тағылған айыптарды мойындамайтындығын, құқыққорғау органдары қызметкерлерінің қысымымен куәлік бергенін мәлімдеді. Мухайё Якубова сот үкімі әділетсіз деп есептейді. Ол сотқа шағым түсіруді көздеп отыр.

"Мен сот шешімімен келіспеймін. Ол инелердің бала денесіне қалай түскенін мен білмеймін. Ешқандай ана өз баласына мұндай зияндық жасамайды. Тергеу кезінде мені зорлайтынын, үлкен ұлымды тартып алатынын айтып қорқытты. Қысыммен мойындауға туралы келді. Бірақ маған қысым көрсеткен милиция қызметкерлерін сотқа шақырмады", - деді әйел.

Өткен жылы шілде айында дәрігерлер тоғыз айлық баланың денесінен он ине алып шыққан еді. Дәрігерлер бала ол инелерді жұтып қоймағандығын, олардың бала денесіне біреу әдейі тыққанын айтқан.

XS
SM
MD
LG