Ссылки доступа

Өзбекстанда тәрбиеші төрт жастағы баланың тісін ұрын сындырған (видео)


Өзбекстанның Ангрен қаласында төрт жастағы баланың анасы балабақша тәрбиешілерін айыптады.

Мекеме қызметкерлері балаларды үнемі ұрады деп шағымданды ана. 28 қаңтарда оның баласы балабақшадан жылап келгенін айтты.

"Баланың қолына қан жағылған. Мен балабақшаға барып, тәрбиешіден неге ұрғанын сұрадым. Ол маған балаңды дұрыс тәрбиеле деген жауап қайырды", - деді ана.

№40 балабақша басшылығы бұл оқиға мекемеде талқыланғанын, тәрбиешіге қатаң сөгіс жарияланғанын айтты.

"Біз шара қолдандық. Ол ата-аналардан кешірім сұрады. Баланың тісі босап тұрған, кейін түсіп қалған. Тәрбиеші оны ұрмағанын айтты. Дегенмен біз баланың ата-анасынан кешірім сұрадық", - деді балабақша басшыларының бірі.

XS
SM
MD
LG