Самарқанд облысы ІІБ қызметкерінің сөзінше, шыны сынықтарынан денесі жараланып қайтыс болған 48 жастағы ер адамның мәйіті 27 қаңтарда табылған.
– Тергеу барысында оқиғаның 26 қаңтарда, кешкісін болғаны анықталды. Ұсталған У.У. есімді күдікті кінәсін мойындады. Ол күйеуін шыны ыдыспен ұрғанын айтты. Әйел қазір қамауда отыр. Тергеу ісі жүріп жатыр, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды, – деді милиция қызметкері.
Тергеу барысында әйел күйеуінің 18 жастағы қызын зорлап келгенін айтқан.
Өзбекстан ІІМ мәліметі бойынша, 2018 жылы тұрмыстық ұрыстық нәтижесінен болған 70 кісі өлімі тіркелген. Оның 61 оқиғасы күйеулері әйелдерін өлтірумен, 10 оқиға әйелдері күйеулерін өлтірумен байланысты.