Ссылки доступа

Reuters: Венесуэла Араб Әмірліктеріне 15 тонна алтын сатады


Президент Венесуэлы Николас Мадуро, декабрь 2017 года (архивное фото)
Президент Венесуэлы Николас Мадуро, декабрь 2017 года (архивное фото)

Венесуэла 15 тонна алтынды Біріккен Араб Әмірліктеріне сатады. Бұл туралы Reuters Каракастағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. Агенттік мәліметі бойынша, Орталық Банк алтын қордың бір бөлігін евроға сатады.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, 26 қаңтарда Венесуэла Эр-Риядқа бортында үш тонна алтыны бар әуе рейсін жолдады. Мемлекет барлығы 29 тонна алтын сатуды көздеп отыр.

31 қаңтарда "Новая газета" хабарлағандай, Венесуэла қорының Мәскеуде сақталған алтынының бір бөлігі жүк ұшағымен Дубайға шығарылып, сонда сатылған. Одан соң Ресей ұшағы ақшаны Каракасқа жеткізген.

БАҚ мәліметтеріне қарағанда, Ресейде Венесуэланың шамамен 30 тонна алтыны сақталған. Оның нарықтағы құны - 1,2 млрд доллар. Оның қанша бөлігі сатылғанын "Новая газета" жазбады. Ресейдің Орталық Банкі алтын саудасы туралы мәліметті жоққа шығарды.

Қаңтарда Венесуэла алтын қорының бір бөлігі орналасқан Англия Банкі оны ел шенеуніктеріне беруге тосқауыл қойды, деп хабарлады Bloomberg агенттігі. Бұл қорды оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо алады. Оны АҚШ, Латын Америкасының көптеген елдері Венесуэланың уақытша президенті деп таныды. Мұндай өтінішін ол Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйге жолдаған.

XS
SM
MD
LG