Фабрика қызметкерінің айтуынша, сынақ барысында әрбір жұмысшыға 15 сұрақтан қойған, олардың көбі Конституцияға, Өзбекстан әнұраны мен туына қатысты болды.
"Конституция, әнұран, ту қашан қабылданды?" деген сұрақтар болды. Әнұранды жатқа айтуымды сұрады. Қарапайым жұмысшыларды осындай сынақтан өткізе ме?" - дейді зауыт жұмысшылары.
Сынақты тапсырғандар зауытта қалады, өтпегендері жұмыстан шығарылады. "700 жұмысшы сынақ тапсырған. Жарымын қысқартады. Енді кондитер болу үшін тарих факультетінде оқу керек", - дейді Crafers зауытының бір жұмысшысы.
Фабрика өкілдері жұмысшыларды сынақтан өткізгенін растады, бірақ пікір білдіруден бас тартты.
Еске салайық, өткен айда фабрика жұмысшылары шамадан тыс уақыт жұмыс істейтініне шағымданған.
Шоколад фабрикасы өткен жылы 5 қазанда ашылған. Мұнда 850 жұмыс орны бар.