Ссылки доступа

Тәжікстанда әйелін атқан милиция капитаны 19 жылға сотталды


Хатлон облысының соты Вахш аудандық ішкі істер бөлімінің капитанына қарсы іс бойынша үкім шығарды.

28 қаңтардағы сот үкімі бойынша, милиция капитаны Набиджон Аминджонов әйелі Турсуной Аминованы тапаншамен атып өлтіргені үшін 19 жылға сотталды. Соңғы сөзінде сотталушы кінәсін мойындамайтындығын, қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан. Ол сот шешімін "әділетсіздік" деп атады.

Мемлекеттік айыптаушы айыпталушыға 21 жыл сұраған.​

Набиджон Аминджонов өткен жылы 9 қыркүйекте ұсталды. Тергеушілер оның әйелін Макаров тапаншасымен екі рет басынан атып өлтіргенін анықтады.

Аминджоновтың кәмелет жасқа толмаған екі баласы ата-анасының жанжалына куә болғанын, әкесі анасын атып өлтіргенін айтқан. Балар сот процесіне қатыстырылмады.

Тергеу мәліметі бойынша, Аминджонов басқа әйелмен тұрған, отбасындағы жанжал соған байланысты болған. "Тергеу барысында Аминджонов екінші әйелін де тапаншамен қорқытқаны анықталды", - деді прокуратура қызметкері.

XS
SM
MD
LG